Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдің әурет жерін жалаңаштап емдеген молда көпшілікті шошытты (видео)

Әлеуметтік желіде әйелді шешіндіріп емдеген емшінің видеосы тарады. Көпшілік оның емі мүлде дұрыс емес екенін айтып даттады.

Видеоны желідегі парақшасында Тортуыл Шоқан атты желі қолданушысы жариялады. 

Емшінің әйелді әурет жеріне дейін шешіндіріп, жалаңаш денесіне жазу жазып жатқанын байқауға болады. Ол кітапқа қарап отырып сөздерді жазды. Сосын әйелдің аузына үрлейді. Бұл көрініс желі қолданушыларының ашуын келтірді. 


Коронавирус әрбір 16 жыл сайын қайталанып тұрады: Әбжад іліміне сенесіз бе?


"Не деген масқара? Бұл ем емес, зинақорлық. Исламда мұндай атымен жоқ", "Адасқандар, арсыздар, емшісі де, молдасы да арсыз", "Бұның соңы жақсылыққа әкелмейді", "Әйелде де ес жоқ екен, не екенін жақсы біліп тұр", "Видеоны кім түсіріп тұр сонда?", "Адамдар ақша табу үшін айуандыққа баратын болды ғой", - деп жазды олар.

Видеоның нақты қайда түсірілгені туралы ақпарат жоқ.

"Видеодағы адамдар шет тілінде сөйлесіп жатыр. Бұл оқиға Қазақстанда болмаған. Емшіні имам, молда деп түсініп жатқандар бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына сәйкес, мұндай әрекеттерге тыйым салады және жол берілмейді. Шетелде болған осындай жайттарға қатысты ақпарат жариялағанда сақ болу керек", - деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 

Талқылау
Пікір
114779
11 Шіл, 21 жыл - 22:32

Ем болсын