Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуды бес жыл бойы тоқтатуға 800 миллиард теңге қажет болады – Қаржы министрлігі
Премьер-Министрдің орынбасары–Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліс алаңында үкімет әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін шектеуге 800 миллиард теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік басшысы алдын ала есептеулер бойынша жұмсалатын қаржыға болжам жасады.
“Алдын ала есептеулерді айта аламын. 2023-2027 жылдар аралығында шамамен 800 миллиард теңге жұмсалады. Бұл бес жылға арнап есептелген қаржы”, – деді министр.
Бұл ретте Ерұлан Жамаубаев осы жылдары зейнеткерлікке шығатын әйелдердің нақты санын айта алмай, бұл мәселені Еңбек министрлігіне қарауды ұсынды.
Еске салсақ, Еңбек министрлігі әйелдердің зейнеткерлік жасының өсуін тоқтату шешімін неліктен қабылдағанын түсіндірген болатын.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ