"Әйелдер әлеуметтік көмек және үй мәселесімен келеді": Түркістан әкімдігі тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу шаралары туралы айтты
Түркістан облысында отбасы құндылықтарын нығайту саясаты, демографиялық саясат және ана мен баланы қорғау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі орталықтарда отбасыларды қолдау бойынша және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға секторлар бар. Бұл туралы Stan.kz тілшісіне Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің директоры Даханова Гүлжамал Келдембайқызы айтып берді.
Фото: pexels.com
Гүлжамал Келдембайқызының айтуынша, "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымындағы "Белсенді ұзақ өмір сүру" секторы – зейнет жасындағы азаматтарға, "TEN QOGAM" секторы – мүмкіндігі шектулі азаматтарға, отбасыларға қолдау бойынша "QAMQORLYK" секторы мен "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу" секторы өмірлік қиын жағдайда қалған зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
"Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Негізгі қызметі – мемлекеттік отбасы саясатының, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдеседі. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар зейнеткерлер мен ерекше күтімді қажет ететін жандарға қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру және экономикалық тәуелсіз құқығын асыру мен оларды қоғамның белсенді өміріне тартуға атсалысады”, – дейді мекеме басшысы.
Гүлжамал Келденбайқызы 2023 жылы Отбасын қолдау қызметіне көпбалалы, аз қамтылған аналар мен өмірлік қиын жағдайдағы 2500 адам жүгінгенін айтады. 2023 жылы жұмыстардың көп бөлігі мемлекеттік отбасы саясатының, оның ішінде некені және отбасыны сақтауға, семинар, тренингтер мен мобильды оқу курстары арқылы үй жағдайында отырып табыс табуға, жеке ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталды.
“Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 2023 жылы 170 отбасыға (661 адам) 450 қызмет түрі көрсетілді. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 30 кездесуде 1299 адам профилақтикалық жұмыстармен қамтылған.
Биыл Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256 НҚ бұйрығымен бекітілген "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары" басшылыққа алынып, көптеген қызмет атқарылып жатыр. 2024 жыл басынан отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтау, оларға өз құзыреті шегінде білім беру және қолдау, денсаулық сақтау бойынша мобильдік топтардың жұмысы ұйымдастырылып жүр”, – дейді Гүлжамал Келденбайқызы.
Мекеме басшысының айтуынша, ведомствоаралық жұмысшы топ құрылып, 2024 жылы 9 айда 541 отбасыға 1015 әлеуметтік сүйемелдеу қызметі көрсетілді. Орталық қызметін қамтамасыз ету үшін 2024 жылға 135 705 мың теңге қаржы бөлініп, 9 айда оның 92002 мың теңгесі игерілді.
“Жыл басынан отбасын құруға және нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, отбасыны сақтауға адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықты хабардар еттуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында 30 семинар тренинг өткізіліп, 720 адам оқыту және ағарту іс-шараларымен қамтылды.
Әлеуметтік тұрмысы төмен 25 отбасыға демеушілер тарапынан киім-кешек және азық-түлік, тұрмыстық заттар берілді. Тұрғылықты мекен-жайларына санитариялық тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолдау көрсетілді”, – дейді Гүлжамал Келденбайқызы.
Сондай-ақ тұрмыстық зорлық зомбылық фактілері бойынша 2024 жыл басынан бері 170 отбасыға (661 адам) әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі көрсетілді:
- Әлеуметтік-құқықтық қызмет бойынша 65 адамға құқықтық кеңес беріліп, оның ішінде туу туралы куәлік алмаған 11 азаматтардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын ішкі істер басқармасымен бірлесіп жүргізіліп жатыр;
- Әлеуметтік-психологиялық қызмет – 112 адамға;
- Әлеуметтік-медициналық қызмет – 92 адамға. Оның ішінде ішкілікке салынған 4 әке Шымкент қаласындағы наркологиялық диспансерлік орталыққа емделу үшін орналастырылды;
- Әлеуметтік-экономикалық қызмет – 31 адамға. Оның ішінде 4 адам жұмысқа орналастырылды;
- Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет – өмірлік қиын жағдайға түскен 66 адамға көрсетілді. 18 ана, 48 бала Түркістан қаласы арнаулы әлеуметтік "Сенім Ай" және "Жігерлі Жүрек"дағдарыс орталықтарына орналастырылды;
- Әлеуметтік-демалыс қызмет –мәдени-рухани дамыту бағытында "Ұлы Дала Еліне" қызмет алуышыларға демеушілер тарапынан экскурсиялар ұйымдастырылды;
- Әлеуметтік-шұғыл қызмет – 14 адамға көрсетілді. Оларға демеушілер тарапынан киім-кешек және азық-түлік, тұрмыстық заттар берілді.
“Зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кепіл берген заң көмегімен және зияткерлік меншік құқығын түсіндіру мақсатында Әділет департаменті мен адвокатар алқасы, заң бойынша кеңесшілер, нотариус, сот орындаушылар мен бірлесіп тұрақты түрде семинарлар өтеді. Сондай-ақ халық көп шоғырланған жерлерде Саll сentеr-де "111", "150" сенім телефондары көрсетілген брошюралар таратылды”, – дейді мекеме басшысы.
Оның айтуынша, құқықтық органдары айына бір рет кездесулер өткізеді және заңды кеңестер тегін беріледі. Сондай-ақ ведомствоаралық бірлескен жұмыста медицина, полиция, білім саласы, ішкі саясат, жастар ұйымы, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және "Қызыл ай" қоғамдық ұйымы мен облыстық және қалалық алқсақалдар ұйымдары атсалысады. Алдағы уақытта мекеме басшысы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға Қайырымдылық қорлармен меморандум түзіп, бірлескен демеушілік жұмыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Түркістан қаласы әкімі аппаратында Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет өрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы, қала әкімінің жанындағы "Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат" жөніндегі комиссияның хатшысы Айткүл Орынбекқызы көбіне әйелдер атаулы әлеуметтік көмек, бір реттік әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселесімен жиі жүгінетінін айтады.
“Азаматтарды қабылдау тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар қабылдаймыз, демеушілер тарапынан бір жолғы көмекке ұсыныс береміз, тұрғын үй мәселесімен және басқа да мәселелермен кеңес береміз. Қала әкімінің атына түскен өтініштерді қабылдаймыз және орындалуын қадағалаймыз, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар 2020 жылы ашылған Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын үйлестіру мен қадағалауды жүзеге асыру біздің бөлімге жүктелген. Бұл орталықта қала әкіміне және әкім орынбасарларына жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауға тіркеу және қабылдау жүргізіледі”, – дейді Айткүл Орынбекқызы өз қызметі туралы айтып.
Оның сөзінше, өңірде зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға "Көмек" дағдарыс орталығы және Әлеуметтік қызмет орталықтары қолдау көрсетеді. Осы орталықтың басшылары – қала әкімінің жанындағы "Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат" жөніндегі комиссияның мүшелері.
Өңірде әйелдер құқығын қорғауда қандай нәтижелі жұмыстар болды?
Айткүл Орынбекқызының айтуынша, "Көмек" дағдарыс орталығы арқылы бірқатар аналар қажетті құжаттарға қол жеткізді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
“Комиссия тарапынан семинарлар, іс -шаралар ұйымдастырылады және тренингтер ұйымдастырылады. Осы жақында Түркістан қаласы әкімінің, жанындагы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған “Ресурсты ана-сау ұрпақ” тренингі өтті. Жоба жетекшісі – “Дара Медиа” орталығының басшысы әлеуметтік кәсіпкер Халдарбек Рухабза”, – дейді ол әйелдердің өз құқықтарын білуі үшін бірқатар шаралар ұймдастырылатынын атап өті.
“Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте қала әкімі жанындағы комиссия мүшелері Жүсіпова Малика Әбдрашқызы "Саналы ата-аналар", Қалдарбек Рухабза Рустамқызы "Әйелдердің тұлғалық дамуына ықпал ету" тақырыбындағы және Амангелдиева Дариға Жұмабекқызы "Әйелдерге арналған жүктілікке дайындық жене босанғаннан кейінгі күтім жасайтын оқу бағдарламасын жасау" атты жаңа әлеуметтік-иновациялық жобаларымен таныстырып өтті. Комиссия мүшелері аталған жобалардың бүгінгі қоғамымызда өте маңызды екендігін алға тартып, халықтың игілігіне асыру үшін барлық бағытта қолдау көрсетіледі”, – дейді Айткүл Орынбекқызы алдағы жоспарлармен бөлісіп.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
