Жүкті екенін білмеген әйел бала босанды
Австралияның Квинсленд штатының тұрғыны босанғанға дейін өзінің жүктілігін байқамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

18 жастағы Эмбер Смит өзін жайсыз сезініп, жуынатын бөлмеге барған.
"Жуынатын бөлмеде ішімде қатты ауырғанын сездім, сосын астымнан су кетті, мен айқайлап жібердім", - деді ол.
Оның айқайын естіген сүйіктісі дереу жүгіріп барады. Жігіт сәбидің басы шығып келе жатқанын байқайды және Эмберді босандырады.
Смиттің айтуынша, ол тіпті жүктілік туралы күдіктенбеген.
"Бұл тоғыз ай маған бұрынғылары сияқты болды. Ай сайын етеккірім жүйесіз келіп жүрді, сондықтан мен ерекше ештеңе байқамадым", - деді ол.
Эмбер туғанға дейін оның ішінің өскенін байқаған. Алайда, Смит бұл артық тамақтанудың салдары деп есептеген.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады