Әйел жоғалған гауһар тасты сақинасын табу үшін қоқыс полигонын 30 сағат аралаған (видео)
Таиландтың Накхонпханом провинциясында тұратын әйел жоғалған гауһар сақинасын табу үшін қоқысты 30 сағат аралаған. Әйел басынан өткен жағдайды TikTok әлеуметтік желісінде айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апитчая Нинг қолын жуу үшін сақинасын шешіп, оны байқаусызда қоқыс жәшігіне түсіріп алған. Нәтижесінде сақина көшедегі контейнерге түсіп, қоқыс полигонынан бір-ақ шыққан. Әйел оны қандай жағдайда да табуға тырысқан.
Нинг жергілікті шенеуніктермен байланысып, олармен бірге қоқыс полигонына барған. Онда әйел жұмысшыларды жалдап, шамамен 28 гектар полигонды ақтарып шыққан.
Оның сақинасы 400 мың бат (5 миллион 824 240 теңге) тұрады. Сосын ол жұмысшылардың қызметіне 20 мың бат (291 212 теңге) төледі.
@apitchayaning อุทาหรณ์ถอดแหวนเพื่อล้างมือ และอีก 30 ชั่วโมงที่อยู่บ่อขยะ
♬ นี่คือจอมยุทธ์เดะ - Djpaoremix
"Тегін тексермей, ақылы қызметке жіберді": МӘМС жайлы айтқан алматылық емхана қызметкері қысым көріп, жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді
Қызметкер: "Бізде бәрі осылай істейді" деген сөздер айтылды"
Желіде 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы талқыға түсті: Ол мұны елу жыл бойы армандаған
Тойда қалыңмал беріліп, киіт ашылып, дәстүрлі жөн-жоралғылар орындалған көрінеді