Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да әйел жедел жәрдем бөлімінде көз жұмған: Туыстары дәрігерлерді кінәлады

Коронавирустың салдарынан қайтыс болған Жұлдыз Мусинаның туыстары Ақсай ауруханасының дәрігерлерін айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасап.

6 мамырда Жұлдыз Мусина ауырып қалып, ол Бурлинская облыстық ауруханасына жатқызылған.

Марқұмның тәтесі Гуляим Санимованың айтуы бойынша сағат 10:00 шамасында оған ПТР тесті жасалған. Жұлдыз ауруханада жатқан кезде туыстарымен телефон арқылы сөйлескен. Артынша келіншек қоңырауларға жауап бермей қойған. Марқұмның енесі үрейленіп, медициналық мекемеге барады.

Туыстары сағат беске қарай келіншектің ПЦР тестінің нәтижесі дайын болғанын айтты. Келіншектің коронавирус жұқтырғаны расталды.

Әйелдің жағдайы күннен-күнге нашарлай бастады, ол бел ауыруына шағымданған. Дәрігерлер келіншектің шағымын елемеген.



Кезекші дәрігер пациентті фильтрде қалдырып, оған таңертеңге дейін дәрі тамызып, ем жасапты. Дәрігер келіншектің енесіне науқастың жағдайы жақсы екенін айтты.

"Кешкісін Жұлдыздың енесі сорпасын беру үшін  ауруханаға оралған. Ол келінінің өте ауыр жағдайда жатқанын көреді. Тіпті көгеріп, бозарып ес-түссіз жатқан. Енесі дәрігерлерді айқайлап шақыра бастаған. Ол келінінің не себепті қараусыз жатқанын сұраған. Бірақ ешкім жауап бермей, бөлмеден шығарып жіберіпті", - деді Гуляим Санимова.

Гүлнар (енесі) Жұлдыз дәл сол сәтте көз жұмған болуы мүмкін екенін айтты. Содан кейін дәрігерлер оны бөлмеден шығарып, ештеңе түсіндірмей, науқасты алып кетті. Түнгі сағат екіде туыстарына ауруханадан қоңырау келіп, әйелдің қайтыс болғандығы туралы хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы науқастың өліміне қатысты түсініктеме берді.

"Науқас жедел жәрдем фильтріне жіберілді. ПТР-тест алынды, нәтиже шыққанға дейін пациент аурухананың сүзгісінде жатты. Емдеу тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсармағанын, тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері сақталғанын айта кеткен жөн. Көктамыр ішіне инфузиялық ем тағайындалды. Түнде оның жағдайының күрт нашарлағандықтан пациентті реаниматология бөліміне ауыстырдық. Олар реанимациялық шараларды бастады, бірақ  01.45-те биологиялық өлім анықталды", - деп хабарлады департамент.

Марқұмның күйеуі әйелінің дені сау болғанын, жақында медициналық тексеруден өткенін айтты.

 "Бізде үшінші баламызды жоспарлап жүргенбіз. Жұлдызды Оралда тексеруден өткіздік. Егер дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсетсе, ол қазір тірі болар еді деп ойлаймын", - дейді Дастан Мусин.

Прокуратураға арыз жазу үшін күйеуі сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтуде.

Жұлдызды тексерген анестезиолог Лариса Исмагулова басылымға Мусинаның пациентін алгоритм бойынша емдегенін айтты.

Талқылау