AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енесінің үйінде асылып өлген": Түркістан облысында көз жұмған әйелдің туыстары оның қайын жұртын кінәлап отыр

Түркістан облысының Шардара ауданында енесінің үйінде асылып қайтыс болды делінген 32 жастағы Гүлзар Қуанышеваның өлімінен кейін күдікке күйеуі ілініп, қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалған. Алдымен қамауға алынып, кейін үй қамаққа ауыстырылған азаматтың ісі қазір сотта қаралып жатыр. Жәбірленуші тарап өзін өзі өлтіруге жеткізу мен дәрменсіз адамды қинау баптарымен келіспейді. Олар Гүлзар Қуанышеваны күйеуі ұрып өлтірді дейді. Ал сотталушы жақ күйеуінің тіпті кінәсі жоқ деп, ақтауды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

әйел

Енесінің үйінде жанжал болып, ұрыс-керіс туындаған күні қызымыз асылып өлді деген хабарды естіген Гүлзардың ет жақындары әлі күнге қарсы тараптың айтқандарына сенбей келеді. Бірнеше сағатқа дейін не жедел жәрдем не полицияға хабарланбауы өз алдына, тіпті мәйітті кебіндеп, жерлеуге дайындап қойғанын білдік деп отыр. Әкесі бетін ашып көргенде қызының бетіндегі көгерген тұстарын байқағанын айтады. 

"Мен экспертизаға бір көрсетіп алайын дедім. Сөйтіп экспертизаға апарып көрсеттім. Көрсетсем, ана жерде енді денесінің сау жері жоқ. Ұрған. Денелерінің барлығы көгеріп кеткен", - дейді марқұм Гүлзар Қуанышеваның әкесі Патсабек Бекботаев.   

Күйеуі ұдайы ұрып-соғатын, ақырғы соққыда қолы ауыр тиіп, жазатайым болуы әбден мүмкін дейді жәбірленуші тарап

"Сотталушы өз жауабында айтады, мен дейді реанимациялық жәрдем көрсеттім дейді. Бірақ та бұл жерде марқұмның екінші, үшінші қабырғаларынан бастап сынған", - дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Бекболат Түсіпбаев.  

Тергеу барысында бірнеше талап өтініштер қанағаттандырылмады. Істің жан-жақты, толық жүргізілмегені де күдіктіні жазадан босатуға бағытталған амал ма деп ойлаған. Өлімге итермелегені де, қинау дерегі де дәлелденді, жаза қатаң болса деп отыр. Алайда сотталушы тарап өлімге барған әйелдің ісіне күйеуінің кінәлі дегеніне сенбейді. Сондықтан ақтауды сұрап, талап-тілек білдірген. Іске қатысты бірнеше талап-арыз білдірсе де, телеарнаға сұхбат бермеді. Істі қараушы судья да сот отырысында өздері қарсы болғандықтан, әзірге сотталушы тарапты түсіру мүмкін еместігін ескертті. Сотталушыға ақырғы сөз берілсе, төрағалық етуші судья үкім шығаруға кірмек. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы тұрғыны халатының бауына асылып қалғаны айтылған еді. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр