Әйел: Мешіт алдында қайыр сұрауға намыстанамын. Бірақ амалым жоқ
Мешіттің алдында қайыр сұрап отырған келіншек әрекетінен қатты намыстанатынын айтты. Ол 5 жыл бұрын құрылыста аяғын сындырып, жұмысқа жарамсыз болып қалған.
Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды.
Әлия Ермағанбетованың ешкімі жоқ. Жұмыс істеп, ел қатарлы күн көргісі келеді. Осыдан 5 жыл бұрын құрылыста аяғын сындырған. Содан бері қайыр сұрап күнелтеді.
«Мешіттің алдында қайыр сұрап отырамын. Кейде тәртіп сақшылары отырған жерімнен қуып жібереді. Бір шетінен оларды да түсінемін. Менің де амалым жоқ. Әйтпесе, мені кім бағып, кім асырайды?! Жағдайым өте қиын. Садақа берген адамдар «Арақ ішесіз бе?» деп сұрайды. Менің ішпейтінім түрімнен көрініп тұр емес пе?! Жұрттан тиын сұрауға намыстанамын. Ұятымды шетке ысырып, күні бойы осылай отырамын”, – дейді Әлия ханыс.
Қайыр сұрағаны қарын тойдырудан артылмайды. Бір күндік нәпақасы 2 мың теңгеге жетеді екен.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жасар қыз билікке үндеу жолдады (видео)
Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)
Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды
Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті