Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Қостанай тұрғыны Людмила Шеферович Орталық базардан сатып алған шортан балығының ішінен белгісіз теңіз жануарын тауып алды.

1891a64086504bfcb8b6fa018b669dea

Оның ұзындығы 23 см. Сырттай қарағанда құртқа не жыланға ұқсайды. Басында  жеті тесігі, үш көзі бар, деп жазады “Костанайские новости“.

«Шортанның ұзындығы 1 метрдей болды. Шортанды жемтігін енді жей берген кезде ұстап алғанға ұқсайды. Ішіндегі жануарға ешнәрсе болмаған», – дейді тұрғын.

ce5824d04ba6f96a3a57e6b76b51e26c

Көрнекі сурет

«Бұл минога, ежелгі жануар. Бірақ оның шортанның ішінде қайдан жүргені белгісіз. Шортанның бізге қайдан келгені де қызық болып тұр», – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Андрей Андющенко. «Егер миноганың аузын ашып көрсеңіздер, қорқынышты фильмдегідей көріністі байқар едіңіздер. Ауызының бәрі толған тіс. Сол тістерімен балықты шағып, тістеп алады. Бұл негізі паразит болып саналады. Олар жақсы жүзе алмайды. Тығылып жатып жемтігін аулайды», – дейді ғалым.

Шортан балығын Торғай өзенінен ауланғаны белгілі болды. Алайда, оның Қостанай облысына қалай келгені жұмбақ.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында 8 жасар қыздың туыстары педофилдің басын шаппақ болды

Министр қатерлі ісікке шалдығып төсек тартып жатқан көпбалалы анаға көмектесті

АҚШ аспазы мейрамхана қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып жүр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр