Әйел марқұм анасынан ашықхат алды
Американың Янгстаун қаласының тұрғынына 2015 жылы марқұм анасы жіберген туған күніне арналған ашықхат келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі UPI басылымына сілтеме жасап.

Катрина Джонс түскі үзіліс кезінде поштасын тексеріп, басқа хаттардан ерекшеленіп тұрған конвертті байқады.
"Анамның мекен-жайы көрсетілген. Мен қолжазбаны қарап, хабарламаны оның өзі жазғанын түсіндім. Менің анам 2018 жылы қайтыс болды", - деді әйел.
Пошта маркасындағы күн 2015 жылдың 20 маусымы деп көрсетілген. Конвертте туған күніне арналған ашықхат болған. Джонс бұл хаттың не себепті ұзақ уақыт бойы келмегенін білмейтінін айтты.
"Жұмыстағы біреу маған "Демек, хатты дәл қазір алу керек болған ғой" деп айтты", - дейді қыз.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді