Әйел күйеуінің опасыздығын білгеннен кейін оның күлін тамаққа қосып жеген
Канадалық жазушы жесір әйел күйеуінің опасыздықтарын біліп, тамақпен бірге оның күлін жеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Jessica Waite
Мәліметтерге сенсек, жазушы Джессика Уэйттің күйеуі Шон 2015 жылы Техас штатында іссапарда жүргенде қайтыс болған. Джессика күйеуінің өлімі туралы хабарды алғаннан кейін, оның iPad-ын қолданып, Хьюстондағы ауруханамен байланысып, күйеуінің денесін Канадаға жеткізу үшін шаралар қабылдаған.
Алайда "Хьюстон" сөзін іздей бастағанда, ол күйеуінің бұрын ғаламтордан іздеген жазбаларын байқап қалады. Күйеуінің қалада эскорт қызметтерін іздегенін көреді. Бұл тек бастамасы ғана болды.
Уақыт өте келе Джессика күйеуінің тұрақты түрде жезөкшелерге барып жүргенін және оларға көп ақша жұмсағанын анықтады. Сонымен қатар күйеуі бірнеше әйелдермен байланыста болып, жиі жұмыста өткізген кештер туралы өтірік айтқан екен. Ол сондай-ақ компьютеріне порнофильмдерді жүктеп алып, әртүрлі файлдарда сақтап отырған.
Бұл жайттарды білгеннен кейін, Джессика күйеуінің күлін тамақпен бірге жей бастаған.
Күйеуінің опасыздығы Уэйтке қатты әсер етіп, оның эмоциясы бақылаудан шығып кетті. Күйеуімен сөйлесе алмайтынын түсінген ол күйеуінің күл салынған дорбасын ашып, оны бақшаға алып шығып, иттің нәжісімен араластыра бастайды. Не істеп жатқанын түсінгенде Уэйт өзін шарасыз, кінәлі сезінеді және ұят сезімі ояна бастайды. Осы сәтте ол күйеуінің күлін алақанына алып, жейді.
Біраз уақыттан соң Уэйт өзін қайта қолға алған. Қазір оның жаңа серігі бар, бірақ алғашқы күйеуінің сатқындығынан туындаған ащы сезімдер әлі де бойынан кетпейді. Жүрегі қатты жараланған ол осының бәрін жеңу үшін мемуарлар жазды.
Еске салайық, бұған дейін норвегиялық Мариус Густавсон Ұлыбританияда сотталғанын жаздық. Ол серіктестерімен бірге адамдардың аяқ-қолы мен жыныс мүшелерін кесетін астыртын ота жасаған. Ол операция сәтін видеоға түсіріп, "Евнуходел" деп аталатын ақылы сайтқа орналастырған.