Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция таратады": Желіде дау тудырған блогердің пікіріне қатысты полиция мәлімдеме жасады

Блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы қоғамда дау тудырған пікіріне қатысты полиция мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Блогер әлеуметтік желідегі подкасттардың бірінде әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. Алайда оның пікіріне оқырмандар қарсы шығып, блогердің жалған ақпарат таратып отырған айтып, наразылық білдірген. 

Byzyq телеграм арнасы ішкі істер министрлігіне блогердің сөздері "көрінеу жалған ақпарат тарату" санатына жататынын айтып, сауал жолдаған.  


"Діни неке қиюға тыйым салу қажет": Қоғам белсенділері петиция жариялады


Астана полиция департаментінің жауабында блогерді жазалауға ешқандай себеп жоқ екені айтылған. Полицияның мәліметінше, ол ғылыми зерттеулерге сілтеме жасағанымен,  өз көзқарасы мен сенімі бойынша субъективті пікірін білдірген. Сондықтан "көрінеу жалған ақпарат таратудың" белгілері жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы айтқан пікірі желіде қызу талқыланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау