Әйел қызы жол апатынан қаза тапқан жерден оның елесін байқаған
2018 жылдың 15 наурызында 16 жастағы Изабель Гонсалес үш досымен бірге Калифорния штатының Сан-Хосе қаласының көшесімен көлікпен келе жатқан. Марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған олар жол апатына ұшырайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: 1. San Jose Police Department / 2. Мелинда Мартинестің жеке архивінен
Мәліметтерге сенсек, топтағы ең үлкені 22 жастағы Брэндон Гомес еді. Ол көлікті басқарған. Алайда көліктегі барлық жолаушы, тіпті, жүргізушінің өзі де, марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған.
Сондықтан Брэндон бір сәтте рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіндегі ағашқа соғылған. Брэндон мен Изабель оқиға орнында қаза тапты. Ал екі жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жол апаты болған жерді полицейлер суретке түсіріп, суреттер есепке енгізілген. Кейін Изабельдің анасы, 43 жастағы Мелинда Мартинес апат болған жерде түсірілген суреттер мен есепті көруге рұқсат сұрайды.
Фотосуреттердің бірінде ол ағаштың жанында, көлік қалдықтарының арасында тұрған, адамға ұқсас ақшыл, жартылай мөлдір пішіндерді байқайды.
"Мен оның не өткергенін, жақсы ма, әлде жаман ба – бәрін білгім келді. Олар маған бірнеше суретті берді. Соларды қарап отырып, "Құдайым-ай, бұл періштелер ғой" деп айттым. Менің қызымның ерекше болғаны соншалық, Құдай бізге осы сәтті көруді нәсіп етті деп ойлаймын. Егер бұл суреттерді көрмесем, қазір мұнда болмас едім. Өйткені қызыммен бірге болғым келетін", – деді Мелинда.
Суреттің үлкейтілген фрагментінде, шынымен де, жақын тұрған екі-үш адамның бейнесіне ұқсайтын, ақ жамылғыдағы бұлдыр фигуралар көрінеді.
Желіде кейбіреулер мұны оптикалық иллюзия деп есептесе, басқалары періштелерге сенеді. Үшінші топ бұл фотода періштелер де, иллюзия да емес, қаза тапқан Изабель мен Брэндонның жандары деп ойлайды.
Еске салайық, бұған дейін колумбиялық Паола Флорес есімді әйел 20 жыл бойы елеспен жыныстық қатынасқа түскенін және оның азу тістері мен жүзі гаргойлға ұқсас түрін көргенде ғана тоқтатқанын айтты. Әйел оның қорқынышты жүзін көргеннен кейін қорқып кеткенін айтып, перімен қарым-қатынасын тоқтатуға бел буады. Психолог Мартиза Монтеалегре әйелдің бұл әрекеті көп адамда кездесе бермейтінін айтады.