Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел босанған соң бір аптадан кейін қайта жүкті болып қалған

АҚШ-та әйел босанған соң бір аптадан кейін екінші рет жүкті болып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

әйел

Фото: The Sun басылымынан

Атланта қаласының 22 жастағы тұрғыны Джейлин 2025 жылдың қаңтарында Амора есімді қызын дүниеге әкелген. Мерзімін бұрын туылса да, қызының денсаулығы жақсы екен. Босанғаннан кейін әйелге 6 апта көлемінде жыныстық қатынасқа түспеуге кеңес берген. Алайда ол мұнша уақыт күте алмаған. Бұған қарамастан ол тез арада екінші рет жүкті боламын деп ойламапты.

Джейлин желідегі парақшасына видео жүктеп, Амораны босанған соң емізе бастағанын, бірақ тез жүк болатынын білмеген екен. Бір ай өткен соң ол ішінің астыңғы бөлігі ауырған соң, ауруханаға барған. Бірнеше сараптамадан кейін дәрігерлер оған жүктіліктің үшінші аптасында екенін айтыпты. 

"Үш апта және бірнеше күн бұрын жүкті болған екенмін. Өзімді ыңғайсыз сезінемін, себебі алғашқы сәбиімді қазір ғана босандым. Қызым әпке атанбақ, сол үшін қылысамын", – деді ол.

Ауруханада жас аналарға босансоң 6 апта жыныстық қатынасқа түспеуге кеңес беріледі. Себебі бала туылған соң алғашқы үш аптада жүкті болу ықтималдығы өте жоғары. 

Талқылау