Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдос Сарым депутаттардың алтын төсбелгісі мен жалақысы туралы айтты

ҚР мәжіліс депутаты, белгілі саясаттанушы Айдос сарым мәжілісмендердің жалақасы мен алтын төсбелгілері жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарым

"Мен үшін төсбелгі жезден немесе алюминийден жасалды ма айырмашылығы жоқ. Шынымды айтсам, бұл мәселенің тарихын білмейді екенмін. Негізінде төсбелгі алтыннан жасалған. Соңғы уақытта алтын бағасының өскені рас. Мүмкін төсбелгінің бағасы соған байланысты да шығар. Дегенмен маған қарағанда төсбелгінің жасалуы, оған жұмсалатын алтынның құрамына қатысты сала мамандары жетік біледі деп ойлаймын. Мен үшін айырмашылық жоқ. Төсбелгі жай атрибут ғана, оның соншалықты маңызы жоқ. Дегенмен төсбелгіні жоғалтқан жағдайда, оны өз ақшамызға қайта жасататынымыз туралы ескертті", - деді депутат.



Бұған қоса, ол жалақысы жайлы айтты. 

"Мен әлі жалақы алған жоқпын. Шынымды айтсам, тұрмыстық сұрақтармен айналысуға жоқ екенмін. Бүгін тұрмыстық мәселелерге қатысты жиын өтеді. Әрине, жалақының қандай көлемде екені қызықтырады. Дегенмен әкем ауырып, жалақы туралы сұрауға уақыт болмады. Менің жобалауымша, 500 мың теңге мен 800 мың теңгенің аралығын құрайды. Оның бәрі депутаттың осыған дейінгі жұмыс өтілі, қызметі және ғылыми атақ-дәрежелерге қатысты. Яғни мемлекеттік немесе әскери қызметте еңбек етуі және тағы басқа. Менде ондай тәжірибе жоқ", - деді Сарым.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр