Америкалық ғалымдар Айдың күнгей бетінде су барын мәлімдеді
Айдағы су полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар оның күн сәулесі түсетін жағында да болады. Бұл туралы NASA американдық аэроғарыш агенттігі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңалық стратосфералық обсерваторияда Айды зерттеу кезінде ашылды. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавиус кратерінен табылды.
Осылайша, агенттікке айдың даму бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселелерді шешуде оң нәтиже береді. Оны тіпті отын жасау үшін де қолдану ұсынылды. Алайда, NASA астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, жер серігенен табуға болатын судың мөлшері туралы және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"