Айдарбекова: Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың екіге кеткені расталды. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Ол өзін "ұлы мен келінінің ортасына түсті" деп сынағандарға ұрысып тастады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?
Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", – деп ашуланды Қайрат Нұртастың анасы.

Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты