Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар: Қызды әйелдер емес, ер азаматтар ұзату керек, бұл - тарихтан келе жатқан дәстүр

Айдар Тұрғамбек “Жігіттер” тобының қалай құрылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін айтты. Қызығы мен қиындығы қатар жүрген шақта дос-жігіттердің арақатынасы ажырамай бүгінге жеткен. Әнші өнері мен өмірі жайлы баяндайды. 

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Айдар Тұрғамбек – бұрынғы Шымкент облысы Сарыағаш қаласының тумасы. Әнші жастайынан нағашылардың қолында көп болғанын айтады. Бала күнінен әнші болуды армандап, гитараға деген құмарлығы оянған. Ал “Жігіттер” тобындағы бауырларымен бала күнінен тең өскен. 

“Еркін мен Ердос көрші ауылдың баласы. Бағланмен де бала кезден таныспыз. Талай жарыстарға барып жүрдік. Мектеп бітірген шақта ақылдасып, жарысқа баруды жоспарладық. “Шәмші әндері” жарысына дайындалдық. Бастапқы қадамымыз содан басталды. Ол кезде ешкім бізді танымайды. Баламыз. Ақша жоқ. Киім жоқ кез. Сол жарыста жүлделі болдық. Бірге ән айтып жүрдік. Ерғали ағамен таныстық. Солай Алматыға келдік”,  – дейді әнші. 

Алайда топ болып Алматыға келісімен, жігіттер біраз кедергіден өткен. Тіпті ауылға қайтуға оқталыпты. 


Айдар Тұрғамбек: Бірінші әйелімді танымаймын, мүлде араласпаймын


“Ол кездер ақша жоқ кездер еді ғой. Елдер үйдің ауласына той жасайтын. Тойханалар жаңадан ашылып жатқан кез. Елде ақша жоқ кез. Бейнебаян түсіру үшін қыруар ақша керек. Ең алғаш “Ерке қыз” әніне бейнебаян түсірдік. Бірақ пәтерақы қымбат, ақша жоқ кез еді. Ауылға қайтамыз ба деп те ойладық. Ерғали ағаның өзі “ауылға қайтасыңдар-ау” деп жүрді. Кейін бір кәсіпкер ағамызбен танысып, ол кісі көп көмектесті. Бізге демеуші болды. Костюм болсын, бейнебаян болсын бәріне демеуші болды. Солай біз тек шығармашылыққа көңіл бөлдік. Ән жаздық. Солайша танымалдыққа ие болдық. Кейін жағдайымыз жақсара бастады. Жігіттердің біразы отау құрды”, – деді “Жігіттер” тобының мүшесі. 

Әнші әр әншінің бір-бір әулеттің жүгін көтеріп отырғанын айтады. Отбасыларын ауылдан қалаға көшіріп, ағайын-туысына көмектесіп отыр. 

“Біздің әрқайсымыздың арқамызда бір әулеттің жүгі бар. Бәріне қарайлауға, көмектесуге тырысамыз. Туыстарға көмектесеміз. Барлық әнші солай істейтін шығар. Қазіргі жағдайымызға шүкір. Ата-анамыз, бала-шағамыз аман, еліміз тыныш. Одан асқан бақыт жоқ”, – дейді Айдар. 

Талқылау