Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар Тұрғамбек: Бірінші әйелімді танымаймын, мүлде араласпаймын

“Жігіттер” квартетінің белді мүшесі Айдар Тұрғамбек алғаш рет жеке өмірі, өткені мен қазіргі отбасы туралы айтты. Әнші өзіне сын айтқандарға жауап берді. Шығармашылығы жайлы сөз қозғады.

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Айдар Тұрғамбектің алғашқы жары, өткені көпшілік оқырманды қызықтырып келді. Ол туралы әнші айта бермейді. Десе де бірінші қызымен арақатынасы жақсы екенін айтады.

“Мен бірінші қызыммен жақсы араласамын. Жақында 11-ге толады. Ол – менің ұрпағым. Алматыға келіп тұрады. Араласып, хат жазысып, көмектесіп тұрамын. Ал анасымен хабарласпаймын. Оны танымаймын. Ол туралы, өткен өмірім туралы айтқым келмейді. Себебі, оның өз отбасы бар. Менің өз отбасым бар. Сондықтан ол айтатын нәрсе емес”, – деп қысқа қайырды. 

Айдар Тұрғамбек есесіне қазіргі жары туралы әңгімелеп берді. 

“Әйелімнің есімі Әйкерім. Оңтүстік өңірдің тумасы. Сондай жақсы қыз. Өсіп-өнген, көргенді жердің қызы. Сондай тәрбиелі. Білімнің адамы. Өнерге қызықпайды. Менің өнерімнен, шығармашылығымнан, концерттерімнен, әндерімнен хабары жоқ. Тойға да бармайды. Менімен бірге баруға құлықты емес. Табиғаты сондай. Бос уақытында тіл үйренеді. Курстарға барады. Кітап оқиды. Балалармен уақыт өткізеді. Балаларға деген махаббаты зор. Оларды артық уақыт далаға шығаруға қорқады. Тіл-көз бар, вирус бар дегендей. Мен өзім оған разымын. Төркінге жылына бір рет қана барады. Анасының өзімен 3-4 күнде бір сөйлеседі. Оған қарағанда мен қайын жұртқа көп барамын. Өз ата-анам да, ата-енем де Шымкентте тұрады. Ата-анама барғанда ол кісілерге де амандасуға тырысамын”, – деді Айдар. 

Әнші ағылшын тіліндегі әнінің шетелде жақсы тыңдалғанын айтады. Алдағы уақытта түрік тілінде ән жазбақ. 

“Өнерде тіл жоқ. Біз шетелдің әнін, ағылшынның әнін тыңдап келдік. Тыңдай да береміз. Өмір бойы қазақша ән айттық. Әлі де айтамыз. Бұл жай ғана ерекшелік. Бұған өнер деп қарау керек”, – дейді ол. 


Талқылау