Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерхан Пірназар: Алматыға келген жылы баратын жерім болған жоқ, мешітте тұрдым

Шерхан Пірназар ел біле бермейтін сырын айтты. Кино мен театр актері отбасы, балалық шағы, өнері мен жеке өмірі жайлы баяндады. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтты.

Шерхан Пірназар – Қызылорда облысының тумасы. Қалада туып-өскенімен, балалық шағы ауылда өткен. Әже тәрбиесін көрген. Бала күнінен әжесі қара жұмысқа араластырмай, еркелетіп өсірген. 

“Бала күнімде өте ерке болдым. Мектепте қоғамдық жұмысқа араласпайтынмын. Тек күреске қатыстым. Қара жұмыс, үй шаруасын істеп көрмеппін. Әжемнің ықыласы ерекше ауған немересі болдым. Әжеммен бірге ұйықтаймын. Қасына жатам. Мұғалімдермен ұрысып қалсам, ауылға әжеме кетіп қалам. Кейін еркеліктің бәрін қойдық қой”, – дейді Шерхан. 

Бастапқыда әскери маман болғысы келгенімен, кейін Алматыға ағасының нұсқауымен өнер академиясына келген. Алайда грантқа түсе алмай, ақылы оқуға түседі. 



“Арман қуып Алматыға келдім. Ағамның айтуымен өнер академиясына келдім. Бірақ оқуға түсе алмадым. Тұңғышбай аға мені оқу орындарына айтып көрді. Грант болмаған соң, мені ақылы оқуға түсірді. Мен оқу ақысын төлей алмайтынымды айтып едім, өзі бір жылдық оқу ақымды төлеп берді. Келесі жылы ректорлық грантқа ауыстым. 3-4 курста стипендия алып жүрдім. Солай оқуымды бітіріп шықтым”, – деді актер. 

Бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында жұмыс істейді. 

“Мені Ерлан Біләл мырза жұмысқа шақырды. Ол кезде Қызылордада жұмыс істеп жүрген кезім. 3-4 жерде жұмыс істеймін. Ерлан аға хабарласып, мені жұмысқа шақырды. Мен бірден келістім. Үйімдегілер қарсы болды. Кейін көндірдім. Солай Алматыға аттандым. Мен өзі өмірде өте жолы болғыш адаммын. Кез келген жағдайда бір жол тауып шығамын. Алла көмектеседі. Біреулерді себепші қылады. Солай жеңілдік береді”, – деді Шерхан Пірназар. 

Актер отбасылы, екі баланың әкесі. 

Талқылау