"Аяздың беті қайтар емес": Елімізде алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 22-24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қазақстандықтарға қолайсыздық тудырған аяздың беті қайтпай тұр.
Болжамға сәйкес суық солтүстік ағындары бар ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік антициклонның ықпалынан жаңбыр, қар жауып, жел мен бұрқасын күшейеді.
Дегенмен циклон оңтүстіктен болса да, аяз сынып, күн айтарлықтай жылиды деу қиын.
Бұған дейін елімізде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендеп, сегіз облыстағы республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?