Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айару Бақытбек тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты

Баян Мақсатқызының кенже қызы Айару Бақытбек қалыңдық көйлегін киіп елді шулатты. Желідегі оқырманы оған сан сауалдар қойып үлгерді. Көпшілігі бойжеткеннен тұрмысқа қашан шығатынын сұрап әлек. 

Айару Бақытбек желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол Қазақстанда емес, Калифорнияда тұрғысы келетінін ашық айтты.

"Мен Калифорнияда тұрғым келеді. Ол жақта мен өзімді бақытты сезінемін, мен дәл сол жерде болу керек сияқтымын. Тіпті мен тұрғым келетін екі нақты қала бар (олар бір-бірінен 15 минуттық жерде", - деді ол.

Одан бөлек Айару қандай әлеуметтік желілерде бар екенін айтты. 

"Мен Snapchat пен YouTube-тен үш жыл бұрын шығып кеттім. TikTok-ты тіпті меңгеруге тырыспадым. Мен тек Instagram-да бармын және бұл жеткілікті деп санаймын. Қарбалас кезеңде оны да өшіріп тастаймын. Өзіммен осылайша күресемін. Бір күні мен телефонды тек телефон ретінде ғана қабылдаймын деп үміттенемін, одан басқа телефонның ешқандай маңыздылығы жоқ", - деп жазды Бақытбек.

Айару сөз соңында көп күттірген сұраққа жауап берді. Блогер әзірге тұрмыс құруға асық емес.

"Әзірге жоқ. Бірақ мен үшін бұл болашақтың да жоспары емес. Мен  үшін ұлты маңызды”, – деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Айару Бақытбек қалыңдық көйлегін киді. Оның бұл образын анасы жария етті. 


Талқылау