Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аягөзде су тасқынынан келген зардаптарды жою үшін, Өскеменнен көмек жасағы шықты

Шығыс Қазақстан облысынының Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында жауын соңы тасқынға ұласқан. Қар аралас жаңбырдан келген зардаптарды жою үшін 1000 адам мен 300 техникадан тұратын апаттық құтқару тобы құрылды.

Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бұл облыста бір ай мөлшеріндегі жауын жауды.  Дағдарыс орталығынан құрылған арнайы топқа 1000 адам, 300 техника, 56 жүзу құралы, 58 моторлы сорғы бөлінді» – деп хабарланды департаменттің баспасөз ақпаратында.

Толассыз жауын салдары әсіресе Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласына зиянын келтіруде. Қазіргі таңда су алған 22 үй мен 148 аулаға көмек көрсетіліп, 23 адам қауіпсіз жерге көшірілген екен.

Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы көпірде әлі де болса кезекші топ жұмыс істеуде. Ал Өскемен-Алматы бағытындағы жолдың 130 метр бөлігіне су жайылған болса, оның 80 метрі судан арылды. Бір күн ішінде су алған аулалардан 3724 текше метр су сорып алынған. Соның ішінде Өскемен қаласында 3484, ал Аягөз ауданында 240 текше метр су сорылған.

Бүгінгі таңда облыс орталығынан Аягөз ауданына көмек ретінде  20 адам мен 5 техника шыққан.

с

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)

Павлодарлық студенттер өрттен анасы көз жұмып, өзі ауыр халде жатқан жігіт үшін қан тапсыруға шақырды (видео)

Талдықорғанда полиция қызметкерін балағаттаған әйел жазаға тартылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің мал бағып жүргені анықталды

Талқылау