"Аяғымды кетпенмен шауып алдым": Жұлдыз Әбдікәрімова бала кезінде қатты жарақат алғанын айтты
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала кезін еске алды. Актрисаның айтуынша нағашыларының ауылы Жетісайға қыдырып барғанда түрлі оқиғаларға тап болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актрисаның барған ауылы ел арасында “Ақ алтынды Жетісай” атанып кеткен.
“Маған бұл мекен бөтен емес. Нағышыларымның ауылы. Бала күнімде жиі келетінмін. Сол себепті ең қызық та тәтті естеліктерім осы жермен байланысты.
Жетісай ауданы мақта шаруашылығымен айналысатынын білесіз ғой?! Жазы ми қайнайтын ыстық. Сол аптапта шабыққа шығатынбыз. Баланың ісі шала емес пе, екі рет аяғымды кетпенмен шауып алғаным есімде. Сол кездерді ойласам, арықтан су ішіп, күннің астында жүріп, ағаштан алманы үзіп алып, етегімізге сүртіп жіберіп жесек те ауырмайтынбыз. Балалық мекенім сонысымен тәтті, ыстық.
Антуан де Сент-Экзюпери "Все мы родом из детства"-десе, “Ай мен Айшаны” Шер ағамыз “Мен балалықтың елінен келдім. Түсімде ылғи балалық шағымды көремін, текке күшене бермей, соны жазайын!” деп бастаған еді ғой”, – деп бала кезін еске алды актриса.
Сондай-ақ, актрисаның оқырманы өзі қай жерде туғанын жарыса сұрап жатыр. “Қарақалпақстаннан екенін жасырады”, “Нүкіс қаласында туған деп естідім”, “Қалпақ болғанына ұялатын сияқты” деген пікір көп. Алайда актриса ешкімге қай жерде туғанын айтпады.