Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ай сайын 77 мың теңге: Солтүстік өңірге көшірілген мың отбасыға қандай көмек көрсетіледі

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында солтүстікке қоныс аударушыларға қандай көмектер қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

отбасы

Сурет: Ашық дереккөзінен

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша іс-шараларға 88 мың адам жұмылдырылған. 

«Осы бағытта оңтүстік өңірлер секілді еңбек нарығы толық өңірлерден еңбек тапшылығы бар солтүстік өңірлерге азаматтарды қоныстандыру қарастырылған. Биыл жоспар бойынша 2 253 отбасы немесе 10 мың адам қоныс аударуы тиіс. Бүгінде 1050 отбасы немесе 4 мың адам қоныс аударды, оның ішінде 2000-ы жұмысқа орналасты», - деді министрдің бірінші орынбасары.

Ол биыл бағдарламаға қатысатын өңірлер қатарына Нұр-Сұлтан қаласы қосылғанын атап өтті. 

«Еңбек» бағдарламасымен Павлодар облысында «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 103 көпбалалы отбасы, яғни шамамен 600 адам қоныс аударды. Барлығы баспанамен қамтылды, еңбекке қабілетті азаматтардың 80 проценті жұмысқа тұрды. Балалар мектеппен, балабақшамен қамтылды. Бағдарлама тиімділігін көрсетті. Жыл соңына дейін елордадан 200-ден астам отбасыны Екібастұзға көшіру жоспарланып отыр. Пилоттық жоба бойынша солтүстікке қоныс аударушыларды баспанамен қамту мақсатында қосымша 428 жалдамалы пәтер салынады», - деді Жылқыбаев. 

Вице-министр мемлекет қоныс аударушыларға қандай көмек көрсететінін айты. 

«Бірінші, көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне 88 мың теңге көлемінде біржолғы төлем, екіншіден баспана жалдауға, коммуналдық төлем төлеуге бір жыл бойы ай сайын бір отбасына 30 АЕК немесе 77 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ, осы бағдарламада 5-тен кем емес адамды жұмысқа алған белсенді жұмыс берушілерге субсидия беріледі», - деді ол.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 12:00
Талқылау