"Аузыңа келгенді айтып, жеккөрінішті болма": Сара Тоқтамысова орамал таққан қыздарға үндеу жасады
Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал тағып, дінге бет бұрып жүрген қыздарға кеңес айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sarkanai/
Айтыс өнерінің дүлдүлі ислам дінін ұстанып, түрлі әдепсіз қылық көрсетіп жүрген сіңлілеріне ескерту жасады.
"Орамал тақтың ба, соған сай бол! Ормал тақтың ба, сөзіңе ие бол! "Тик-токта" немесе "Инстаграмда" отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі, орамал – сенің абыройың. Кейбір орамал таққан құрбыларым, сіңлілерім бар. Осы "Инстаграмда" жүр, анау "Тик-ток" дегенде де жүр. Қарап отырып өзің қысыласың. Егер солар осы видеоны көріп қалса, ескерер. Өзімізді тәрбиелейік, Рамазан айы – тыйылу айы", – деп жазды ақын.
-
"Етік – 319 мың, туфли – 559 мың": Әсел Асқар көктемге сай гардеробын жаңартты
-
"Бір ғана өтінішім болды": Ерке Есмахан Тоқаевтың Раимға берген сыйлығын көрсетті
Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі айтыскер ақынның сөзін қолдап жатса, енді бірі мәселе орамалда емес, тәрбиеде деп сөз таластырды.
“Дұрыс жүру орамалға байланысты емес. Тәрбие керек”, “Арабтарға еліктеп тағып жүргендер”, “Дұрыс айтасыз, орамал адамды тәрбиелейді”, “Орамал тағып жүріп, түрлі алаяқтықпен айналысып жатыр” деп жазып жатыр оқырман қауым.