Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыпбаев “Меломен” тобымен татуласты: Ол топқа қайта орала ма?

«Меломен» тобы мен Жігер татуласты. Қос тараптың арасындағы жағымды жаңалықты аталмыш ұжымның экс-әншісі Ауыпбаевтың өзі жеткізді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші жігіт қос тараптың арасындағы қазіргі қарым-қатынасты тілге тиек етті. Оған өзіндік себеп те бар!

Өйткені, өнер иесі өзінің инста парақшасына бойзбендтің бұрынғы мүшелерімен түскен суретін салып, «Өмір заңы екен ғой, Кездесу мен қоштасу! Бауырлардан ыстық сәлем», – деп жазба қалдырған.

«Иә, бұл топтан кетіп, жеке шығармашылыққа бет бұрғаннан кейін бірге түскен бірінші сурет. Бірақ көп жерлерде, той-томалақтарда, концерттерде де кездесіп қаламыз. Ал, осы жолғы той ол біздің ортақ достарымыздың қуанышы болатын. Бұл жерде кездестік, бірге отырдық, суретке түстік», – дейді Жігер.

Алайда, әнші жігіттердің бұл суретін «Өнер қырандары» театрының актеры да жеке парақшасына жүктеп, «Жақында жақсы жаңалық болуы мүмкін…», – деп Мэлс Наурызбаев оқырмандарды қызықтырып қойған. Алайда ғаламтор тұтынушыларының санасын сан-саққа жүгірткен жазбаға қатысты Ауыпбаевтың өз айтары бар.

«Ол жердегі «жақында жақсы жаңалық» дегені мүмкін интрига жасағаны шығар. Бірақ, қайта қосылу деген мағынада емес. Жеке жұмысымды бастап қойдым, үлкен-үлкен жоспарлар құрып қойдым. Балалар да өздерінің жұмыстарын жалғастырып жатыр», – деп көпшіліктің көкейіндегі сауалға Жігер өз тарапынан жауабын берді.

Алайда, дәл осы посттан кейін Жігерге топқа қайтып бару ұсынысы тыңдармандар тарапынан көп түскен көрінеді. Бірақ, әнші жігіт «Меломеннің» квартет болуы уақыттың еншісінде екенін айтады.

«Ал, топқа қайта қосылу туралы тақырыпқа айтарым, оның барлығын уақыт көрсетеді. Бір қазанда қайнап жүргеннен кейін, бір сахнада жүргеннен кейін бәрібір бір жерде кездесіп қаласың. Бет айналып, жан-жақта жүру мұсылмандыққа да сай емес. Арамыз жақсы, сәлеміміз түзу. Көрген жерлерде амандасып, бір-бірімізбен сырласып тұрамыз», – деп Ауыпбаев ақиқатын айтты.

Алайда, Жігер ұжымдағы жігіттермен бір топта ән салмаса да, «Меломеннің» өнер әлеміндегі әр қадамын жіті қадағалап отыратынын жасырмады.

«Бақылап отырамын. Дегенмен де «Меломен» маған өте ыстық. Мен үшін шоу-бизнесте расын айтқанда ыстық және шоқтығы биік топ. Өйткені, кезінде сол топтың отымен кіріп, күлімен шығып жүрдік. Сондықтан да маған өте ыстық», – дейді Меломеннің экс-әншісі.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Өз әнінің мәтінін ұмытып қалған Төреғали әріптестерінің сынына қалды

“Зың-зың”, “жоқ-жоқ”: Мақпал Жүнісова мағынасыз әнге әуес әншісымақтарды сынап тастады

Талқылау