Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аурухананың алдына келіп жатып алған алып қолтырауын жұртты шошытты

Зимбабведе алып қолтырауын аурухананың алдында жатып алып, сол маңайдағы жұртты шошытты.

Бұл туралы Chronicle порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Хванге қаласынада орын алған. Ұзындығы 3 метр болатын қолтырауын Әулие Патрик ауруханасының қоршауының алдында жатып алған. Сондай-ақ, ауруханаға кірмек болғандарға қарай қозғалып, жұртты әбден шошытты.

Мекемеге ең жақын тоған 10 шақырым қашықтықа болғандықтан, жергілікті тұрғындар қолтырауынның бұл маңға қалай тап болғанын өздігінше түсіндіруге тырысқан. Кейбірінің айтуынша, аурухананың алдында жатқан қолтырауын дуаланаған адам болуы мүмкін екен.

Аз ғана уақыт ішінде полицияға ондаған тұрғын хаабрласқан көрінеді.

Нәтижесінде қолтырауын өлтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Полиция басшысының айтуынша, бұған дейін де қолытауындар қалаға кіріп кеткен. Мұндай жағдайда олар ашулы болады екен. Себебі қаланың шуынан өздерін жайсыз сезінеді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та ер адам 4 жасар қызын жезөкшелікке мәжбүрлеп, сатып жібермек болған

Танымал актриса 2 миллион доллар тұратын жүзігін түнгі клубта жоғалтып алды

Сұлулық байқауының арулары шенеуніктер мен кәсіпкерлерге секс қызмет көрсеткендері үшін ұрысып қалды

Үндістанда 6 адам жабылып зорлаған 11 жасар қыздың сәбиі ауру болып туылды

Талқылау