Ауыз су тапшылығы: Жаңаөзенде қыркүйекке дейін су кесте бойынша беріледі
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында ауыз су қыркүйек айына дейін кесте бойынша берілмек. "ӨзенИнвес" коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, жаз айларында үздіксіз қамтамасыз ету үшін ауыз су жеткіліксіз екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Су тұтынудың бірден өсуіне байланысты Жаңаөзенде және маңындағы елді мекендерде 18 сәуірден бастап алдағы мамыр, маусым, шілде және тамыз айларында ауыз су кесте бойынша беріледі", – деп мәлімдеді коммания.
Кәсіпорын тұрғындарды суды тиімді пайдалануға шақырды. Жеке тұрғын үйлерде көшеттерді тамшылата суару әдісі арқылы суаруға шақырды. Себебі бұл суды үнемдейді екен. Сонымен қатар үйде құдық немесе су құюға арналған резервуар болғаны дұрыс.
Су мәселесі қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын суды тұщыландыратын құрылғының құрылысы аяқталған соң шешіледі. Зауыт 2024 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын