"Ауырғаннан есім шығып кете жаздады": Елордада суши жеп уланып қалған тұрғындардың жағдайы белгілі болды
Ел астанасында алпысқа жуық адам оның ішінде 10 балалар бар, суши-бар асханасындағы тамақтан кейін уланып қалған. Ал жапон асханасының 12 тұрақты тұтынушылары өз үйлерінде ем қабылдауда. Зардап шеккен тұрғындардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алтынай Беембетованың айтуынша, тамақтан кейін есінен танып қалатындай әсерде болғанын айтады.
"Үйге келгеннен кейін бірінші диарея (іш өту) басталды. Алғашқы екі күн осылай өтті. Кей сәттерде ауырғаннан есіп шығып кетердей кездерім болды. Бүгін мен тексеруден өттім", - дейді жәбірленуші.
Санитарлық дәрігерлер қоғамдық тамақтану орындарына жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастап, бірнеше заң бұзушылық фактілерін анықтап үлгерген. Кейбір орындарда азық-түліктер дұрыс сақталмаған. Ал ас үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің денсаулығына тексеру жүргізілмеген. Және бұл заң бұзушылықтардың бергі жағы ғана.
- Алматыда балмұздақ зауытында аммиак төгіліп, бес адам уланып қалды
- Нұр-Cұлтанда 60-тан астам тұрғын қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен уланып қалды
"Қалдықтар, өнімдер, шикізат өнімдері, дайын өнімдер таңдалып алынды. Сол мекеменің 15 қызметкері тексеруден өтті. Нәтижелері әлі тексерілуде", - дейді санитарлық-эпидемологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева.
Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Кінәлі адам алты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін не болмаса екі жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бірақ дәмхана басшылығы БАҚ өкілдерімен байланысуға құлықсыздық танытты.