Ауыр шешім қабылдадым: Арменияның премьер-министрі Қарабақ соғысының аяқталғанын мәлімдеді
Арменияның премьер-министрі Ресей мен Әзірбайжанның басшыларымен Таулы Қарабақ бойынша келісімдер туралы айтты. Келісім бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылады.
"Құрметті азаматтар, бауырлар, жеке мен үшін және бәріміз үшін мен өте қиын шешім қабылдадым. Ресей мен Әзірбайжан президенттерімен бірге мен Қарабақ соғысының аяқталуы туралы мәлімдемеге 01: 00-ден бастап қол қойдым (Нұр-Сұлтан уақытымен 03:00 бастап - ред.)", - деп жазды Никол Пашинян өзінің Facebook парақшасында.
Пашинян бұл шешім "әскери жағдайды терең талдау нәтижесінде қабылданды" деп атап өтті. Ол бұл қадамды қазіргі жағдайда ең дұрыс шешім деп атады және ұрыс қимылдарының тоқтатылуын "жеңіс те емес, жеңіліс те емес" деп атады.
"Біз жеңілгенімізді ешқашан мойындамаймыз және бұл біздің ұлттық бірлігіміз бен жаңғыруымыздың бастауы болуы керек. Мен барлық құрбандарымыздың алдында тізе бүгіп отырмын. Арцах армяндары. Біз соңына дейін шайқастық және біз жеңіске жетеміз. Арцах тұр. Армандасын, жасасын Арцах", - деп сөзін аяқтады премьер-министр.
Бұл келісімге қол қою туралы ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев соғысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.