Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді. Ол енді жаттықтырушы бола алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Olympic.kz
Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік Ниді шеттету туралы шешім шығарды. Себебі Алексей Ни халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелерін өрескел бұзған екен. Соның салдарынан отандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың қанынан тыйым салынған препарат табылып, барлығы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын жүлдеден айырылған еді.
Алексей Ни ұлттық құраманы 20 жылға жуық уақыт дайындаған. Ол Риода өткен төртжылдықтың басты додасынан кейін отставкаға кеткен еді.
Еске салсақ, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар анықталды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған