Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Қазақстанда бүгінде 3 мыңға жуық мешіт бар. Онда 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 826 дін қызметкері ғана айлық алады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

имам

Еліміз бойынша имамдарға 20 мен 100 мың теңге аралығында жалақы тағайындалған. Дін қызметкерлеріне берілетін жалақы 4 категория бойынша жүзеге асады. 

"Олар – облыстық мешіт, қалалық мешіт, аудандық мешіт және ауылдық мешіт. Облыстық мешіттегі қызметкерлер жұмыс жүктемесіне байланысты 100 мың теңге алады. Ал қалалық мешіттегілерге тағайындалған жалақы – 70 мың. Аудандағы имамдар 50 мың теңге алады. Ал ауылдағы дін қызметкерлеріне 30 мың теңге жалақы тағайындалған", - деді Серікбай қажы Ораз. 

Айлық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" және "Қажылық" қорларынан және мешіт шығындарынан (коммуналдық төлемдер) артылған қаржы есебінен айлық беріледі. Бүгінде болашақта барлық имамды жалақымен қамтамасыз ету туралы мәселе жоғары деңгейде қарастырылып жатыр. 

"Қоғамның ағартушы тобына жататын имамдардың жанқиярлық қызметін ескеріп, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасау – діни саладағы басты мәселенің бірі деп айтар едім. Әсіресе, 100-ге жуық түзеу мекемелерінде жұмыс істейтін дін қызметкеріне тұрақты жалақы тағайындалса деген тілегіміз бар. Бұл адам тағдырына жуапкершілікпен қарап, есеп үшін емес, елдің игілігі жолында қызмет етіп жүрген дін қызметкеріне көрсетілген қамқорлық, әділ баға болар еді”, - деді Бас мүфти. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жастар теріс ағымға түсіп кетпеуі үшін ақсақалдар институтын жаңғыртып, тарихқа тереңірек үңілуге шақырған болатын. 


Тағы оқыңыз: 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда анасы мен ұлы жәндіктерді өлтіреміз деп өздері уланып қалды

Оқиғаның себебі белгілі болды

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды
Çàãðóçêà...