Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін 5 миллион гектар жерді қайтаруға уәде берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі 5 миллион гектар жерді жыл соңына дейін мемлекет меншігіне қайтаруға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2022 жылдың 6 айы бойынша заң бұзушылық арқылы берілген немесе қолданылмайтын 904 мың гектар жек мемлекет пайдасына қайтарылды. Жыл соңына дейін қолданылмайтын 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңға дейін 1 миллион 517 мың гектар жерге қатысты 601 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. 680,9 мың гектар жерге қатысты 57 материал Бас прокуратураның арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің басқармасының тіркеуінде.
Сонымен қатар қайтарылған жерлер әкімдіктер арқылы аграрлық сектордар қолдану үшін бөлінетін болады.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”