Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ербол Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ президент әкімшілігінде, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.
Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін ауыл шаруашылығы министрін қызметінен босатылған еді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған