Ауғанстанның орталығында су тасқыны салдарынан 50-ден аса тұрғын қаза тапты
Ауғанстанның орталығында нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан 50-ден аса адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Deutsche Welle
Жергілікті полицияның мәліметінше, мыңдаған үйлер қирап, бүлініп, ауылшаруашылық жерлерінің үлкен аумақтары су астында қалған.
"Гор провинциясының елу тұрғыны жұма күні су тасқынынан қаза тапты. Тағы бірнеше адам жоғалып кетті", - деді Гор провинциясының полиция өкілі Абдул Рахман Бадри.
Мавлави тауларының орталық провинциясының ақпарат бөлімінің бастығы Абдул Хай Заим 17 мамырда аймаққа жауған нөсерден зардап шеккендердің саны туралы әзірге деректер жоқ екенін алға тартты.
Фероз-Кох провинциясының астанасында кем дегенде 2 мың үй қирап, 4 мыңы ішінара бүлінген. 2 мың дүкен су астына қалып, жүздеген гектар ауылшаруашылық жерлері жойылған.
Ауғанстанда қазір су тасқыны салдарынан бірнеше негізгі жолдар жабылып қалды.
Еске салсақ, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Медина қаласын су басқанын хабарлаған едік.