Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Медина қаласын су басты

Сауд Арабиясында толассыз жаңбыр жауып, салдарынан елдегі қасиетті қалалардың бірі Мединаны су басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Қала көшелері су астында қалып, инфрақұрылым зардап шекті. Ыстық әрі құрғақ климатқа байланысты қалада суағарлар жоқ. Судың қала көшелеріне жиналуының да себебі сол. 

Су қоймаларындағы су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты билік өкілдері жергілікті тұрғындардан жағалаудағы аудандардан алшақ болып, ұзақ жолға шықпауды сұрады.



Түркияның Анкара қаласында да нөсер жауын мен бұршақ жауып, жергілікті тұрғындарды әлекке салды. Тасқын су қала көшелерін, үйлер мен метро бекеттерін басып қалды. Кейбір жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады. 

Нөсер жаңбыр салдарынан бірнеше аудан электр қуатынсыз қалды. Бір тәулікте ел астанасындағы муниципалитеттің табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі үйлестіру орталығына бір жарым мыңға жуық өтініш келіп түсті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Кенияда қатты су тасқыны салдарынан 35 адам опат болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау