Кенияда қатты су тасқыны салдарынан 35 адам қаза тапты
Біріккен ұлттар ұйымы Кенияда маусымдық жауын-шашын салдарынан 35 адам көз жұмып, тағы 100 мың адам жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: euronewsbulgaria
Бұдан бір күн бұрын елдің астанасы Найроби су астында қалды. Онда жергілікті өзен арнасынан асып кетіп, жүздеген үйді су басқан. Ауыл шаруашылығы жерлері бүлінген.
Кенияның қызыл крест ұйымы халықты көшкін қаупі туралы ескертті.
Мәліметтерге сүйенсек, қазір аймақта эвакуация жүріп жатыр. Синоптиктердің айтуынша, жаңбырлы маусым мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Гуандун провинциясында ірі өзендердің арнасынан асып кетуі су тасқынына әкелуі мүмкін екенін жаздық. Гуандун провинциясындағы (Оңтүстік Қытай) гидрологиялық станциялар бұл провинциядағы 20-дан астам өзен суының арнасынан асу қаупі жоғары екенін хабарлады. 127 миллионнан астам адамның өміріне қауіп төніп тұр.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған