Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны: Тағы 2 жолды су басып қалды
Су тасқынының екінші толқыны Қазақстандағы 2 тас жолды шайып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay
Бұл жолдардағы қозғалыс шектелді.
18:15-те жолдар көлік жүретін бөлігін су басып жатқандықтан (Екатеринбург-Алматы) тас жолдың 686-729 шақырымы – Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы аумағында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар 18:15-те Қостанай облысында да су тасып жатқандықтан "Ектеринбург-Алматы" тас жолының 729-768 шақырымында, Қостанай облысы шекарасы мен Тоқсан би ауылы аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.
Айта кетейік, Оралда жақында бекітілген бөгет жарылып кетті.
Күреңкей ауданындағы бөгеттің салынғанына біраз жыл болған. Бірақ су тасқыны мен судың күрт көтерілуіне байланысты топырақпен нығайтылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бөгет дәл ортасынан жарылып кеткен.
Кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады
Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа жұмыс орындары көп ашылады
Алматы қаласында жаңадан құрылған жұмыс орындарына 19 820 адам қабылданған