Оралда жақында бекітілген бөгет жарылып кетті
Күреңкей ауданындағы бөгеттің салынғанына біраз жыл болған. Бірақ су тасқыны мен судың күрт көтерілуіне байланысты топырақпен нығайтылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бөгет дәл ортасынан жарылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: mgorod.kz
Жергілікті тұрғындар жарықты топырақпен жауып жатыр.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш брифингте бөгеттің не себепті жарылып кеткенін айта алмады. Десе де оның себебін анықтауға уәде берді.
“Біз жақта бөгет салды. Жарылған дер әкпен бітеп жатыр. Отырғызған көшеттерімізді аппақ шаң басты. Өзіміз де дем ала алмай қалдық. Бұл аймақта көбіне зейнеткерлер тұрады, балалар да бар. Оған қоса бұл жерді ешқашан су басқан емес. Бұл бөгетті не үшін салғаны белгісіз”, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Бұған дейін Жайық өзенінің деңгейі 9 метрден жоғары көтерілетіні туралы болжам айтылған еді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын