Ауғанстанда тәліптер билікке қарсы шыққан заңгер әйелді түрмеде жабылып зорлап, видеоға түсірген
Ауғанстанда тәліптер режимге қарсы шыққан жергілікті құқық қорғаушыны қорлап, жабылып зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қарулы топ заңгер әйелді Талибан түрмесінде топтасып зорлап, азаптады. Онымен қоймай зорлаған кезді видеоға түсіріп алып, кейін оны жәбірленушіге жіберген. Видеода әйелді қалай шешінуге мәжбүрлеп, екі ер адамның оны қайта-қайта зорлағаны көрсетілген. Тәліптер егер режимге қарсы шығуын жалғастыра берсе, видеоны таратамыз деп қорқытты.
Ол тәліптерге қарсы қоғамдық наразылық акциясына қатысқаны үшін қамауға алынған екен. Қамауға алған кезде оны зорлаған. Осыдан кейін әйел Ауғанстаннан қашып кеткен.
The Guardian газеті Ауғанстанда түрмеде отырған әйелдерге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық фактілері жиілеп жатқанын жазады. Талибан зинақорлық жасағаны үшін әйелдерді көпшілік алдында ұрып-соғып, таспен ұрады. Тұтқын әйелдерге тоқ соғу жазасы да қолданылады.
"Талибан билігі Ауғанстанда зорланып қалу әйелдер үшін қаншалықты ұят екенін және ондай сәтте құрбанның өзін кінәлап, оларды шеттетенін біліп, әдейі зорлатады", – деді Human Rights Watch ұйымындағы әйелдер құқығы бөлімі директорының көмекшісі Хизер Барр.
Дегенмен Талибан өкілі Забхулла Муджахид түрмелерде әйелдерге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық кеңінен таралған деген айыптауларды жоққа шығарды.