Ауғанстанда бомба жарылысынан оқушылар қаза тапқан
Ауғанстанның солтүстігіндегі Айбақ қаласында бомба жарылып, кемі 17 адам қаза тапқан. Олардың көбі – мектеп оқушылары деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC хабарына сүйеніп.

Getty Images
Қолда бар ақпаратқа сенсек, көз жұмғандардың көбі – 9-15 жастағы оқушылар.
Елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нәфи Тақыр тәліптердің қауіпсіздік қызметі тергеу бастағанын айтты. Ол кінәлілерді тауып, жазаға тартамыз деп уәде берді.
Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Қарзай жарылысты “адамзатқа қарсы қылмыс” деп атап, опат болғандардың туыстарына көңіл айтты.
2021 жылы тәліптер Ауғанстан билігін жаулап алғалы бері елде ондаған жарылыс болды. Оның көбіне “Ислам мемлекетінің” (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жергілікті бөлімі жауапты екенін жариялады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен