Ауғанстанда мешітте болған жарылыстың видеосы пайды болды
Содырлардың Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласындағы шиіттердің ең үлкен мешітін жарып жіберген сәттің алғашқы кадрлары пайда болды. Жарылыстың салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 63 адам ажал құшқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодан скриншот
Бейнежазбадан қолдарында қарулары бар екі лаңкестің мешітке қарай қалай бет алып бара жатқаны және ғимараттың кіре берісіндегі күзетшілерге оқ атқанын көруге болады. Екінші кадрда мешіт ауласында намаз оқып отырған адамдарды және олардың қаруланған күдіктілерді көргенде бірден қаша бастағаны бейнеленген.
- Кепілге алған ба? Қазақстандық шенеунік "Талибанмен" бірге түскен фотосуретін түсіндірді
- Тоқаев: Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет
- Путин Талибан қозғалысының ТМД елдеріне қандай қауіп төндіретінін айтты
Алғашында террористер адамдарға қарсы оқ жаудырған, содан кейін жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, мешіттің күл талқанын шығарған.
Еске салайық, теракт 15 қазан күні қала орталығындағы Имам Баргах мешітінде әдетте мұсылмандардың көпшілігі жиналатын жұма намазы уақытында болған. Соңғы мәліметтер бойынша жарылыстан 63 адам қаза тапқан.
Қандағардағы шиіттер мешітінде болған жарылысқа жауапкершілікті ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған Ислам мемлекеті террорситік ұйымы) лаңкестік тобы өз мойнына алған. Топ мүшелері екі жанкештінің мешіттің әр бұрышынан шабуыл жасағанын айтқан.
ویدیو: منابع به آماج میگویند که در انفجار مسجد شیعیان کندهار دستکم ۲۰ تن جان باخته اند، اما منابع رسمی تاکنون در مورد تلفات این رویداد چیزی نگفتهاند.#آماج_نیوز pic.twitter.com/mMoLMILfGn
— Aamaj News (@aamajnews24) October 15, 2021