Әуежайда 2 млн теңге алған: Қызылорда облысында полиция майоры пара алды деген күдікке ілінді
Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен полиция майоры ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Шымкентте 370 миллион теңге пара алған полиция бастығы ұсталды
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталған еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді