Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аудандық білім бөлімінің басшысы: 7 жасар бала шынымен зорланған болса, мен қызметімнен кетем

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1-сынып  оқушысынзорлау дерегіне қатысты облыстық білім басқармасы мен Сарыағаш аудандық білім бөлімі, Сарыағаш ауданы әкімдігінің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов зорлау оқиғасының болмағанын, оған тиісті сараптама қортындысым дәлел екенін айтты.

«Біз бұл оқиға жөнінде 12 қаңтарда білдік. Мектепте комиссия құрып, ішкі тексеру шараларын жүргіздік. Баланы зорлау дерегі расталған жоқ. Оны тиісті сараптама қорытындысы да көрсетті. Яғни, алғашқы сараптама Сарыағаш ауданында 19-29 қаңтар аралығында жүргізілген. Енді екінші сараптама тағайындалып отыр. Ол облыс орталығында жүргізілмекші. Нақты қай күні тағайындалып, қай күні қорытындысы шығатыны жөнінде хабарымыз жоқ», -деді Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы.

«Күдікке ілінген оқушылардың бірі 7-сыныпта, екеуі 8-сыныпта оқиды. Екі бала волейбол, бір бала футбол үйірмесіне қатысады. Сабақтары орташа, бұрын бұзықтық жасап есепке де тіркелмеген. Үшеуі де жуас балалар. Егер тиісті сараптама қортындысы баланың зорланғанын дәлелдесе онда мен өз қызметімнен кетуге дайынмын»,-деді Бауыржан Майрихов.

Айта кетейік, бұған дейін ОҚО-да мектеп оқушыларына 7 жасар оқушыны зорлады деп айып тағылған болатын. Кейіннен 1-сынып оқушысыныңзорланбағаны анықталды. Жәбір көрдім деген баланың өзі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.  1-сынып оқушысының зорлану оқиғасына қатысты Аружан Саин көпшілікке үндеу жариялады.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысының тұрғыны екі көзі бірдей көрмейтін ұлының Сирияға кетіп қалғанын айтып жылады

Сені қатты жақсы көрдім: Жүкті әйелдің күйеуіне жазған хаты жұртты жылатты

Министр депутаттардың қазақша сұрағын түсіне алмай әбден састы

Талқылау