Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да мектеп оқушылары 7 жасар баланы зорлап келген деп айыпталып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланы ұрып-соғып, зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында тіркелген.

«Сарыағаш ауданындағы жасы кәмелетке толмаған 7 жасар балаға қатысты мектеп оқушылары ұрғаны және зорланғаны жөніндегі дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен Сарыағаш аудандық ІІБ ПБ қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық істің тергеуіне қатысты қалған мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан, жариялануға жатпайды. Істің тергелуі ОҚО ІІД басшылығының жеке бақылауында», – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген» деген ақпарат тараған болатын. Жас баланың әжесі құзырлы органдарға арызданғанымен, бұл жайтқа қатысты тергеу шаралары жүргізілмегенін айтып шағымданған еді.

Тағы оқыңыз:

ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді

Психолог: Енелердің бір қателігі келіннің жақсы-жаман болуын баласынан көрмейді

Қыздың бұтына жабысып билеген жігіт елдің ашуын келтірді (видео)

Талқылау