Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аудан әкімі алматылық әйелді ұрлық жасады деп айыптады

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин Людмила Сеңгірбаева есімді әйелді өз әмиянын ұрлады деп айыптаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Тұрғынның айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин оны өз әмиянын ұрлады деп айыптап, үстінен полицияға арыз жазған.

Людмила Сеңгірбаева 31 қазанда таңертең полиция бөліміне шақырылған. Сол жерде ол аудан әкімінің оның үстінен арыз жазғанын білген. Әйел бөтеннің мүлкін алмағанын және оны бақылау камераларының бейнежазбалары арқылы дәлелдеуге болатынын айтады.


Оралдық дәрігер сот арқылы әкімдіктен пәтер алды


Алматы полиция департаменті деректі растады.

"Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне қала тұрғындарының бірінен бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша арыз түсті. Тергеу және мән-жайды анықтау аясында полиция бөліміне жергілікті тұрғын шақырылды", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, осыған дейін Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов желі қолданушысына грамматикалық қатемен жауап беріп, сынға қалған еді.

Талқылау