Күн жылынса, коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы
Ресейдің гидромет орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфан коронавирустың тарауына деген ауа райының әсері жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшы инфекцияның таралуы климатқа байланысты емес екендігін алға тартыпты. Айтуынша, оның сөзіне жылы аймақтарда орналасқан мемлекеттердегі азаматтардың коронавирусқа шалдығуы дәлел бола алады.
"Мысалы Таиландта ауа райы шамамен +30 градус, алайда бұл елде коронавирус та, оған қарсы сақтық шаралары да бар. Таяу Шығыста да осыған ұқсас жағдай: Түркия, Израиль мен Сирияда +25 жылы, бірақ ол жағдай инфекцияның жаппай таралуына бөгет болмады",
Десек те метереолог күн сәулесінің коронавирустың белсенділігіне ықпал етуі мүмкін дейді. Алайда бұлай кесіп айту үшін көрнекі дәлелдер қажет көрінеді.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды