"Жаңа соғыс басталғанын білдірмейді" : Иран мен АҚШ бір-біріне соққы жасады

Иран Қарулы күштері ирандық танкерге шабуыл жасаған америкалық әскерилерге зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Иран Ислам революциясы сақшылары корпусына сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ арасында атысты тоқтату режимі аяқталған жоқ. Иран бітімді америкалықтар бұзды деп отыр.
"Атысты тоқтату режимінің бұзылуы және америкалық террористік әскердің Джаск порты маңындағы ирандық мұнай танкеріне қарсы агрессиясы, сондай-ақ Ормуз бұғазына америкалық эсминецтер жақындағандықтан ауқымды және бірлескен операция барысында түрлі кемелергке, баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ жарылғыш оқтұмсықтары бар жойқын дрондар қолданылып, жау эсминецтері атқыланды", – делінген хабарламада.
Америкалық Fox News телеарнасы жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ қарулы күштері Парсы шығанағындағы Бендер-Аббас қаласындағы Кешм портына соққы жасағанын хабарлады. Айтуынша, бұл "жаңа соғыстың басталғанын білдірмейді" және атысты тоқтату режимінің бұзылуы емес.
Еске салайық, Ираннан жасалған шабуылдардан кейін БАӘ қорғаныс жағдайын жариялаған еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
Оқыңыз