Ресей Украинамен соғыста Жеңіс күніне бітім жариялап, атыс шығармауды ескертті
Ресей Украинамен соғыста 8-9 мамыр күндері уақытша бітім жариялайтынын мәлімдеді. Бұл шешім Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне байланысты қабылданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында Киев те осы үлгіні ұстанып, бітім жариялайды деп үміттенетіні айтылған. Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің 9 мамырда Мәскеуге соққы жасау мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне назар аударғанын жеткізді. Ресей әскері мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
Егер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекені бұзуға әрекет жасалса, Ресей "жауап ретінде Киевтің орталығына жаппай зымыран соққысын жасайды" деп жеткізді.

Сондай-ақ Ресей тарапы бұған дейін мұндай қадамға баруға мүмкіндігі болса да, одан бас тартқанын атап өтті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады